Одан кейін мәйітін көміп тастауына болар еді.
Сот жарыссөзінде Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов сот материалдарына талдау жүргізгеннен кейін өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ғазымжановтың айтуынша, сотталушының Салтанат Нүкенованы әдейі өлтіретін ойы болмаған.
Егер ол Салтанаттың өлгенін қаласа, қала сыртына апарып, киллер жалдайтын еді. Одан кейін мәйітін көміп тастауына болар еді, - дейді Ерлан Ғазымжанов.
Оның ойынша, саусақ іздерінен толық құтылу мүмкін емес.
Ал қанға боялған көйлекті жасырудың не қажеті бар еді. Онсыз да есіктің, перденің, дәретхана мен сырт киімде қан іздері болды. Егер бөлмеде мәйіт жатса, оған Байжановтан бөлек бөтен екі адамды шақырмайтын еді. Ал мүсәтір спиртімен бүкіл саусақ іздерін жою мүмкін емес, - дейді адвокат.