Өзендегі су деңгейіне сағаттық мониторинг жүргізілуде.
Жайық өзеніндегі су деңгейі іргелес ауданға байланысты өткен тәулікте 12-ден 38 см-ге дейін көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таңертеңгі сағат 8-ден бастап 12:00-дегі жағдай бойынша қайтадан көтерілу байқалады:
Индер ауданы + 9 см;
Махамбет ауданы + 2 см;
Атырау қаласы + 2 см.
Сондай-ақ, жағалауды нығайту жұмыстары аяқталғанын атап өткен жөн.
Өзендегі су деңгейіне сағаттық мониторинг жүргізілуде. Жағдай ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.