$ 494.87  520.65  4.91

Әкесінен жүкті болған оқушы дағдарыс орталығына орналастырылды (ВИДЕО)

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркістан облысы ПД басшылығы аталмыш оқиғаға қатысты тергеу барысын бақылауына алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомствоның  мәлімдеуінше, туған әкесінен зорлық-зомбылық көріп, жүкті болған 7-сынып оқушысына тиісті көмек көрсетіледі.

Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдай анықталуда. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған және оған тиісті көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында, - делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Зорлық-зомбылық көрсеткен»: Түркістан облысында оқушы қыз әкесінен жүкті болды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары