Айыпталушы Салтанаттың өлімін жоспарламағанын, қасақана кісі өлтірмегенін айтты.
Сот жарыссөзінде Қуандық Бишімбаев туысқан інісі Бақытжан Байжановқа да тоқталды. Ол інісінің жазықсыз екенін мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Байжановтың ешқандай кінәсі жоқ. Ол тек менің өтінішімді орындады. Вип-бөлмеге кіргенін айтқысы келмей тұрған шығар, бірақ жазығы жоқ. Адвокат Ерлан Ғазымжанов айтқандай, оның сөздері тергеушілерге тиімді болды, - деді Қуандық Бишімбаев.
Айыпталушы Салтанаттың өлімін жоспарламағанын, қасақана кісі өлтірмегенін айтты.
Өзіммен еш мақтана алмаймын. 23 жасымда 2 жасар қызымнан айырылып қалғанмын. Барлығынан кешірім сұраймын. Салтанаттың отбасынан, бауырларынан кешірім сұраймын. Құдайдан күні-түні кешірім сұраймын. Бәрі айтылған деректердегідей емес. Тергеу кезінде менен неге кетіп қалмағанымды сұрады. Құрметті сот, құрметті алқабилер алқасы! Мен ешқандай да қасақана кісі өлтірмедім, - дейді Қуандық Бишімбаев.