04.05.2024, 12:20

Байжанов: Шындық детекторынан өтуге дайынмын

Фото: Жоғарғы сот

Ресторандағы басқа орындар тіптен тексерілмеді.

Бүгін де Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жарыссөз жалғасуда. Жарыссөз барысында «қылмысты жасырды» деп айыпталып отырған Бақытжан Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыссөзде Байжанов тек Бишімбаевтың тапсырмасын орындағанын жеткізді.

«Неліктен бәрі мені «нашатыр пен жейдені лақтырып жіберді деп сенімді түрде айтады? Бұл заттарды тіпті дұрыстап іздеген де жоқ қой. Ресторандағы басқа орындар тіптен тексерілмеді. Мүмкін олар әлі де сонда жатқан шығар? Мен шындық детекторынан өтуге дайынмын. Менің тағдырым сіздердің қолыңдарыңызда. Айтарым осы», - деді Байжанов.

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы бүгін, 2024 жылы 4 мамырда сағат 09:30-дан бері өтіп жатыр.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/X5oNZyljPj8?feature=share.