Бірінші сатыдағы сотта іс алқабилердің қатысуымен қаралды, олардың үкімімен мынандай айыптау үкімі шығарылды.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері Ирина Эмді өлтіру күдігімен сотталғандарға қатысты алдында шыққан сот үкімінің күші жойылып, қылмыстық іс қайтадан қарауға жіберілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін шығарылған сот үкімі күшін жойды.
«Қарағанды облыстық сотымен Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 16 ақпандағы Ж., Р.-ға қатысты үкімінің күші жойылды және қылмыстық іс өзге құрамдағы алдын ала тыңдау сатысынан бастап сол сотқа жаңа қарауға жіберілді», - делінген сот хабарламасында
Бірінші сатыдағы сотта іс алқабилердің қатысуымен қаралды, олардың үкімімен мынандай айыптау үкімі шығарылды:
Ж. 99-бабының 2-бөлігі 7) тармақшасы, 202-бабының 2-бөлігі 1), 5) тармақшалары, 58-бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. ҚК-нің 99-бабының 2-тармағының 7) тармақшасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 17 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.