Мен ешқашан оның не істегенінн анықтаған емеспін.
Бишімбаев ісі бойынша сотта жарыссөз жалғасып жатыр. Бишімбаев бүгінгі сөзінде Салтанатты ешқашан қызғанбағанын, одан күмәнданбағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Салтанат қанша рет кетті. Қанша рет қонақүйде қонды. Менде ешқашан қызғаныш болған емес. Мен қайтып келемін дейтін. Жақсы. Мен ешқашан оның не істегенін анықтаған емеспін. Бұл тұрғыда мен одан (ред. Салтанаттан) ешқашан күмәнданған емеспін. Біздің арамызда ешқандай ондай әңгіме болған жоқ, сондықтан мен оны маған сатқындық жасады деп күдіктенбегенмін", - деді Бишімбаев Вранчевтің айтқандарына жауап беріп.