Қаншама Салтанаттың төбесіне бомба жарылған болар? Ресейлік блогері бар, басқасы бар неге келгіштеп кетті? Біздің проблема осы елде шешілуі керек еді ғой.
Ресейлік журналист Ксения Собчак Бишімбаевтың сот отырысына қатысу үшін Қазақстанға арнайы келген еді. Жай келіп қана қоймай атышулы іске қатысты деректі фильм түсіріпті. Осы орайда фейсбук желісінің қолданушысы Сәбит Рысбаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Собчак Бишимбаев жайлы деректі фильм түсіріпті. Бәріне келісер едім. Бірақ өздерінде бәрі керемет пе? Бейбіт жатқан Украинаға барып мыңдаған Салтанатты өлтіргендері ше? Бала Салтанаттарды жетім еткені, мүгедек еткендері аз ба? Қаншама Салтанаттың аяқ қолын бомба жоқ қылған болар? Қаншама Салтанаттың төбесіне бомба жарылған болар? Ресейлік блогері бар, басқасы бар неге келгіштеп кетті? Біздің проблема осы елде шешілуі керек еді ғой. Ресейдің губерниясымыз ба?
Желі қолданушысының жазуынша, бұл жайт ел иммиджіне қарсы жұмыс істейді.
Мұның артында кім тұрса да қатты саясиландырып жіберді. Шетелдік басылымдар не дейді? Қазақстанды онсыз да жабайы ел деп білетін. Ол жақта әйел өмірі құнсыз дейтін болар. Басқа да шетелдік басылымдарды қарасаң да сол. Біз соттың біткенін күтіп жүрсек атақты Әл Жазираның өзі Қазақстанда Экс министр әйелін өлтірген соң зорлық зомбылыққа қарсы дауыл болды дегендей жаза салыпты. 30 жылдағы елдің иммиджін көтереміз деп шашқан ақша желге ұшты дей бер.
Айта кетейік, Ксения Собчактың Бишімбаев ісі туралы түсірген материалы YouTube платформасында бір күннің ішінде 3.5 миллион қаралым жинаған.