$ 494.87  520.65  4.91

Жетісу облысында 29 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Олар кәсіпкерлердің 80 млн теңге көлемінде кепілдік сомасын қайтармаған.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Прокурорлар 50-ден аса  кәсіпкерлердің құқығын қорғап, орындалған келісім-шарттар бойынша оларға тиесілі қаражатты қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сәйкес, енгізілген кепілдік сомалары кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін дереу қайтарылуы тиіс болатын.

Алайда, жергілікті атқарушы органдар өз міндеттемелерін уақтылы орындағанымен, 80 млн теңге көлемінде кепілдік соманы қайтармаған.

Жетісу облысы прокуратурасының мәлімдеуінше, қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге қаражат қайтарылып, заң бұзушылыққа жол берген 29 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары