$ 478.58  520.84  5.44

Қазақ гимнастшысы Азия чемпионатында топ жарды

Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалап, жарыс жеңімпазы деп таныды.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Айбота Ертайқызы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Айбота Ертайқызы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Қазақстандық гимнастшы таспамен жаттығуда көш бастады. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалап, жарыс жеңімпазы деп таныды. Ал күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапониялық Рейна Мацусака еншіледі. Сондай-ақ Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғанын жазған едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары