$ 494.87  520.65  4.91

Ауа райы болжамы: Сынап бағаны -6 градусқа дейін төмендейді

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде сынап бағаны 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

5 мамырда Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстіктен-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары. Қарағандыда оңтүстік-батыстан солтүстіктен-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі, облыстың шығысында өрт қаупі жоғары.

Күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда түнде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, кей тұста 24-29 м/с дейін жетеді. Алматыда кешке қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз найзағай ойнап, жел соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Қонаевта күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай  кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 24-29 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде сынап бағаны 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Орал қаласында да түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны -3 градусты көрсетеді деп болжанады. 

Қызылорда облысының орталығында, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні өңірдің солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с құрайды. Облыс орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қызылордада жаңбыр жауады, таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауады. Аракідік найзағай ойнап, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде түнде сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында өрт қаупі жоғары.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Павлодарда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман болуы ықтимал. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде сынап бағаны -1, -6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. Қостанайда да түнде сынап бағаны -1, -3 градус суықты көрсетеді. 

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Күндіз облыстың солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары. Ақтауда өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың батысында сынап бағаны -3 градус суықты көрсетеді. Петропавлда батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста  23-28 м/с болады деп күтіледі. 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Семейде күннің екінші жартысында найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысында сынап бағаны -1,-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүруі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Ақтөбеде түнде сынап бағаны -1-3 градус суықты көрсетеді.

Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, түнде облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде өңірдің батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында, күндіз солтүстікте, батыста найзағай ойнап, бұршақ түседі, таулы аймақтарда қатты жел тұрады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман болуы ықтимал. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетеді, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, тіпті 30 м/с және одан да көп болады. Таразда найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және түстен кейінгі екпіні 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с және одан да көп болады.

Түркістан облысында таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауады. Кейде найзағай ойнап, күндіз таулы аймақтарда бұршақ түседі. Таңертең және түстен кейін 15-20 м/с солтүстік-батысқа ойыса соққан оңтүстік-батыс желінің облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктеріндегі екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с және одан да көп болады деп күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары