Ол «Райхан», «Амангелді», «Ана туралы аңыз», «Тыныштық», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», т.б. фильмдерге түсіп, Қазақстанның кино өнерінің дамуына өз үлесін қосты.
128 жыл бұрын (1896-1979) актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Серәлі (Серке) ҚОЖАМҚҰЛОВ дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қостанай облысының Қарабалық ауданында туған. Әкеден жастай жетім қалған Серкенің өнерге деген құштарлығын оятуға туған жездесі Жүсіп Темірбеков пен қазақтың әйгілі жазушысы Бейімбет Майлиннің шапағаты тиген. 1913-1916 жылдары Троицкідегі Уазифа мектебінде, 1920-1922 жылдары Орынбор қаласындағы Татар халық ағарту институтында оқыған.
Осында оқып жүріп «Қызыл керуен» труппасының жұмысына белсене араласып, өзінің сахна өнеріне деген қабілет-қарымын байқатады. Орынборда С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Бадыров сияқты қазақ әдебиеті мен өнерінің белгілі тұлғаларымен танысып, өнерге деген ықыласы арта түседі. 1922 жылы М. Әуезовтың «Еңлік – Кебек» трагедиясы қойылып, осында Серке алғаш рет Еспембет рөлін сомдайды.
Осы жылдары «Мұсылмандар клубында» Б.Майлиннің «Қаламқас», «Бетім-ау, құдағи ғой», «Қасқырбай», «Неке қияр» т.б. шағын пьесаларда рөлдерді ойнаған. 1925 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш ұйымдастырылған Қазақ драма театрына И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Е.Өмірзақов, Қ.Қуанышбаев, Ж.Шаниндермен бірге Қожамқұловтың шақырылуы оның актерлік өміріне даңғыл жол салған елеулі оқиға болды.
Осы тұста сахна өмірінен тәжірибесі мол Қожамқұлов театрдың алғашқы режиссері ретінде қызмет етті. Театр 1926 жылы қаңтардың 13-де ресми түрде ашылып, бірнеше спектакльді сахнаға шығарды.
Ол 30-шы жылдардан бастап «Райхан», «Амангелді», «Ана туралы аңыз», «Тыныштық», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», т.б. фильмдерге түсіп, Қазақстанның кино өнерінің дамуына өз үлесін қосты.
Қожамқұлов туралы режиссер Қ.Әбусейітов «Сераға» атты деректі фильм түсірсе, композитор Ә.Бейсеуов «Сераға туралы әнін» шығарған. Жезқазған қаласындағы музыкалық драма театры мен Алматыдағы бір көшеге есімі берілген.
Қостанай облысының Қарабалық ауданында өмір есігін ашқан. Троицкідегі Уазифа мектебінде, Орынбор қаласындағы Татар халық ағарту институтында оқыған. Осы жылдары «Мұсылмандар клубында» Б.Майлиннің «Қаламқас», «Бетім-ау, құдағи ғой», «Қасқырбай», «Неке қияр» т.б. шағын пьесаларда рөлдерді ойнаған.
1925 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш ұйымдастырылған Қазақ драма театрына И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Е.Өмірзақов, Қ.Қуанышбаев, Ж.Шаниндермен бірге Қожамқұловтың шақырылуы оның актерлік өміріне даңғыл жол салған елеулі оқиға болды. Осы тұста сахна өмірінен тәжірибесі мол Қожамқұлов театрдың алғашқы режиссері ретінде қызмет етті.
Театр 1926 жылы қаңтардың 13-де ресми түрде ашылып, бірнеше спектакльді сахнаға шығарды. Ол 30-шы жылдардан бастап «Райхан», «Амангелді», «Ана туралы аңыз», «Тыныштық», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», т.б. фильмдерге түсіп, Қазақстанның кино өнерінің дамуына өз үлесін қосты.
Серке өзінің актерлік ұзақ өмірінде театр мен кинода ондаған рөлдерді сомдап, қайталанбас шеберлігімен жұртшылық ықыласына бөлене білді. Халық арасында Серке айтыпты деген әзіл-қалжыңдар да баршылық.
Бірде әйгілі актер Серке Қожамқұловты белгілі сатирик Сейіт Кенжахметов қолтықтап келе жатса Серке ақсақал сүрініп кетіпті. Сол жерде Сейіт қалжыңдап:
– Өзіңіз қартаяйын дегенсіз бе? Аяғыңызды нық баспайсыз ба? – дейді ғой.
Сонда, Серағаң:
– Қайдағы қартайған, «Қазақфильм» кино түсіреміз, шалдың рөлін сомдайсың деген. Соған дайындалып жүргенім емес пе, – деген екен.