$ 494.87  520.65  4.91

Астана мен Павлодарда экстремистік ұйымға қатысы бар күдіктілер ұсталды

Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана және Павлодарда терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 3 азаматы ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 2-3 мамырда Астана және Павлодарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның 3 азаматын ұстады.

Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктеліп отыр. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған, - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары