$ 494.87  520.65  4.91

Семейде педофилге өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі шықты

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Семейде баланың шарасыз күйін пайдаланып, зорлық көрсеткен педофилге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Абай облыстық қылмыс істер бойынша сотында сотталушы адвокаттарының апелляциялық шағымы қаралды. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі "Жас балаға сексуалды сипаттағы зорлық көрсету” бабымен істі болған.

Іс материалына сәйкес ер адам баланың шарасыз күйін пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткен.

Г. есімді азамат кінәсін мойындаған жоқ, бірақ оның кінәсі қылмыстық іс материалымен, сот-медициналық сараптама қорытындысы, куәгерлер жауабымен дәлелденді, – делінген сот материалында.

Сондай-ақ мамандандырылған ауданаралық сот ер адамды кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгертпеді. Ол өмір бойына педагогикалық қызмет атқара алмайды.

Апелляциялық сот үкімді нақтылап, өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтейді, – деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары