Төрехан – бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырханның інісі.
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төрехан Сабырхан 67 кг cалмақтағы бәсекенің финалында өзбек боксшысы Мухамедазизбек Исмоиловты 5:0 есебімен жеңді. Осылайша үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша, қазақстандық боксшы төртінші мәрте Азия чемпионатында жеңімпаз атанып отыр.
Төрехан – бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырханның інісі. Махмұд наурызда Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Ал Төрехан Сабырхан 19 жасқа толмағандықтан Олимпиадаға іріктеу турнирлеріне қатыса алмайды.