$ 443.44  480.51  4.88

Елімізде мереке күндері күн қатты жылынады

9 мамырға қарай ауа температурасы 20-28 градусқа дейін жылынады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

7-9 мамырға арналған ауа райы болжамына сүйенсек, Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн 28 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, еліміздегі ауа райына Өзбекстан республикасынан келетін ауа массалары әсер етеді. 

«Солтүстік пен шығыс өңірлердің жекелеген аудандарында түнде күн салқын болғанымен, 9 мамырға қарай ауа температурасы 20-28 градусқа дейін жылынады. Батыста құбылмалы ауа райы сақталып, алдымен жауын жауады, артынан бұршақ түседі», - деп хабарлады Қазгидромет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары