Айбек Смадияров Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелінің мәлімдемесіне түсініктеме берді.
Әйелін ұрып-соқты деп айыптаған БАӘ-дегі Қазақстан елшісі кеңесшісінің ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Күйеуімді қамауға алғанын қалаймын»: Дипломаттың әйелі 10 жылдан бері қорлық көріп жүргенін айтты
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелінің мәлімдемесіне түсініктеме берді.
Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде қайтарып аламыз. Бұдан әрі оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады, - деді Смадияров.
Естеріңізге салсақ, зорлық-зормбылық құрбандарын қорғаумен айналысатын «Не молчи» фондының жетекшісі Дина Таңсәрі дипломат Мамаш Сәкеннің әйелі Мамаш Каринаның жазған хатын жариялады.
Дина Таңсәрі өзінің телеграм каналында дипломаттың әйелі жазған хатты және жіберген суреттерін бөлісті.