Мұнда ол ризашылығын білдіріп, қазір бәрі жақсы екенін алға тартқан.
Күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін айтып шағымданған БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі елге оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің кеңесшісі жұбайы Карина Мамаштың елге қайтуы үшін рейс ұйымдастырылып, оған балалары тапсырылған.
“НеМолчи.kz” қорының желідегі парақшасында Каринаның алғыс айтқан аудиожазбасы жарияланды. Мұнда ол ризашылығын білдіріп, қазір бәрі жақсы екенін алға тартқан.
"Осы іске қатысқандардың барлығына алғыс айтқым келді. Атап айтқанда Дина Смайыловаға, НеМолчи.kz қорына, Эльнара Байназароваға, Қазақстан СІМ және СІМ қызметкерлеріне көп рахмет!", - деді ол.
Осы тұста қор Сәкен Мамашты жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартуды талап етті. Сонымен қатар балалардың анасымен бірге тұратын жерін анықтап, ажырасу, мүлікті бөлу және алимент өндіріп алу рәсімін жүргізу қажет екені алға тартты.