08.05.2024, 08:30

Еліміз бойынша 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay

Республикамыздың солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 8 мамырға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, қатты жел тұрады, тұман болады деп күтіледі. 

"Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ҚР басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады, арасында бұршақ түседі деп болжанады. Республикамыздың солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша желдің екпін алу сипаты тән, батыста, оңтүстікте қатты жел соғады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.