Қызылорда облсында тағы бір «Протон-М» зымыран тасығышы құлады. Байқоңырдан ұшқан ракета бұл жолы Сейфуллин ауылының маңына түскен, деп хабарлайды «BNews.kz».
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған ешқандай алаңдаудың қажеті жоқ.
— Бұл «Протон-М» зымыраны апатқа ұшыраған жағдайда салдарын жоюға арналған командалық-штабтық оқу-жаттығу шарасы. Ракета көздеген жерге құлады. Сценарий бойынша жарақат алғандар да бар. Мұндай штаб басшылығының төтенше жағдайларды жою шараларын пысықтаудың маңызы зор, — дейді баспасөз хатшысы.
Сондай-ақ, ТЖД-нен хабарлағандай, жинау және қабылдау-эвакуациялау нысандарының, сондай-ақ, апатты-құтқару қызметі мен Төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметінің Сырдария аудандық басқармасының дайындығы тексеріліп отыр.