$ 494.87  520.65  4.91

Бүгінгі ауа-райы болжамы

Республика бойынша жел күшейеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" 9 мамыр күніне арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің қиыр солтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте бұрқасын, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады, - делінген хабарламада.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысында түнде солтүстігінде, орталығында, күндіз шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. 09 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Астанада таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде тауларда, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15- 20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шымкентте күндіз кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының батысында, онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде 23-28 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары