$ 480.55  533.75  5.36

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Түсініксіз себептермен "жеңіл көлік" оңға қарай бұрылып, жүк көлігін қыса бастаған.

2024 жылдың 9 мамырында Mercedes пен Shacman жүк көлігі Майлин көшесінде соқтығысты. Жойқын күш әсерінен Мерседес жүк көлігінің астында қалып қойған. Екі көліктің жүргізушілері де ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz - ке сілтеме жасап.

Автокөліктердің Майлин көшесімен солтүстік бағытқа бет алғаны белгілі болды. Түсініксіз себептермен "жеңіл көлік" оңға қарай бұрылып, жүк көлігін қыса бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі жүргізушісі соңғы сәтке дейін соқтығысудан барынша сақтанған. Көлікті жол жиегіне дейін тақап, жылдамдығын баяулатқан. Соған қарамастан, автокөліктердің соқтығысуы орын алған.

Алматыда жүк көлігі мен Mercedes автокөлігі соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 15:22

Фото: Zakon.kz

Алматыда жүк көлігі мен Mercedes автокөлігі соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 15:22

Фото: Zakon.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары