$ 494.87  520.65  4.91

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді: бас бапкер жауап берді

Басылым мәліметінше, қазіргі таңда жаттығу процесі басталып кеткен.

Фото: bookmaker-ratings.ru
Фото: bookmaker-ratings.ru

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Sport+ Qazaqstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, қазіргі таңда жаттығу процесі басталып кеткен.

"Иә, жаттығу процесі басталды. Күн сайын залда екі жаттығы болады. Шавкат жаз соңына қарай жақсы формада болады деп ойлаймын. Жекпе-жекті қыркүйекте өткізгіміз келеді. Қазір физикалық формасына, дайындығына жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ соққы техникасын шыңдап жатырмыз. Жаз соңына қарай Шавкат кез келген қарсыласқа дайын болады", - деді Эдуард Базров.

Еске салайық, қазақстандық файтер өзінің соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары