10.05.2024, 13:40

Шымкентте шала туған сәбиінің денесін тастап кеткен әйел ұсталды

Фото: Polisia.kz

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Шымкентте шала туған нәрестесінің денесін қорапқа салып, аурухананың алдына қалдырып кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы OTYRAR-ға сілтеме жасап.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Түркістан облысында сәбидің денесі табылды

Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында орын алды. Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталыққа (Дархан) келіп, шала туылған нәрестенің денесін қорапта қалдырып кеткен. 

"Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.