10.05.2024, 16:20

Әйеліне қорлық көрсеткен дипломаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Фотоколлаж: Sn.kz

Сол күні Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл қызметкер шұғыл түрде Қазақстанға шақыртылғанын, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын мәлімдеді.

Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелі Карина Мамаштың «күйеуім ұрып-соқты» деген мәлімдемесінен кейін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды», - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық әйел БАӘ-дегі елшілікте кеңесші болып жұмыс істейтін күйеуін әпкесі екеуін ұрды деп айыптаған болатын.

«10 жыл бойы ол мені зорлап, ұрып-соғып келеді. Маған және оның қасындағы балаларыма да қауіп төніп тұр. Мен мемлекетімізден көмек сұраймын», - деді әйел видеода.

Оқи отырыңыз: «Күйеуімді қамауға алғанын қалаймын»: Дипломаттың әйелі 10 жылдан бері қорлық көріп жүргенін айтты

Дипломат күйеуінен қорлық көрдім деген әйел БАӘ-нен Қазақстанға қайтарылды

Сол күні Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл қызметкер шұғыл түрде Қазақстанға шақыртылғанын, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын мәлімдеді.

Ал 9 мамырда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш Астанадағы дағдарыс орталығына орналасқан болатын.