$ 494.87  520.65  4.91

«Үш куәгер керек»: Министр құжаты жоқ өлген мал үшін өтемақыны қалай алуға болатынын түсіндірді

Бүгінде Қарағанды облысы шығынды демеушілер есебінен жауып тастады.                                                                       

Фото:  ratel.kz
Фото: ratel.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында су тасқынында қырылған құжатсыз мал үшін өтемақыны қалай алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министр бұл мәселеге қатысты арнайы комиссия құрылғанын атап өтті. Ал малына құжаты барлардың шығыны бюджеттен өтеледі.

«Енді малына қағаз құжаты болмаса, тіркелмесе, алгортимде 3 куәгер болуы керек" деп жазылған. Олар – көршісі, учаскелік полиция инспекторы, ауылдық округтің әкімі. Олар барлығын дәлелдейді. Содан кейін құжат толтырады да, қорлар немесе демеушілер, компаниялар есебінен мал шығыны өтеледі. Мысалы, бүгінде Қарағанды облысы шығынды демеушілер есебінен жауып тастады. Сол сияқты Ақтөбе, Қостанай облыстары да жұмыс жүргізіп жатыр. Яғни ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Президенттің тапсырмасы бар. Барлық шығын өтеледі», - деді Сапаров үкіметте өткен брифингте.

Министр 138 мың 800 бас мал су тасқынынан аман қалғанын айтты.

«Бұл – үлкен жұмыс. Халық, ветеринарлар, ТЖМ – барлығы бірігіп, осы жұмысты істеді. Өлген малдың саны – 9 761. Оның 98 пайызына утилизация жасалды. Бүгінде 4 801 бас малдың шығыны өтелді,  1 млрд 198 млн теңге төленді. Бұл жұмыс жалғасады», деді ведомство басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары