Баспасөз бостандығын қорғау және ілгерілету – шекарасы жоқ әмбебап миссия.
«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы дәстүрлі түрде 3 мамыр күні атап өтілетін дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнінде «Әлемдік баспасөз бостандығы индексін» жариялады. Тізімге қарасақ еліміз өткен жылмен салыстырғанда сегіз саты төмендепті. Осы орайда Skifnews.kz ақпарат порталы жалпы баспасөз бостандығы туралы сөз қозғамақ.
Өткен жылы Қазақстанрейтингте 180 елдің ішінде 134-орында болса, биыл 142-орынға түскен.
Зерттеу авторлары Конституция бойынша цензураға жол берілмесе де, оның Қазақстанда әлі де бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ел үкіметінің интернеттегі жазбаларға бақылауды күшейткенін атап өтті.
Коллаж: kursiv.media
«Қазақстан билігі 1997 жылдан бері жүргізіп келе жатқан «репрессияшыл реформалар» салдарынан елде пропаганда қанат жайды. Бірнеше тәуелсіз медиа интернет арқылы тарап, тәуелсіз журналистер әлеуметтік желі арқылы хабар таратуға көшті», – деп жазды ұйым.
Сөз бостандығы деңгейі жөнінен Орталық Азия елдері арасында Қырғызстан 120-орынмен көш бастады. Ал Түркіменстан (175-орын) әлемдегі сөз бостандығы ең нашар он елдің қатарында кірді. Рейтингттің алғашқы сатыларында Норвегия, Дания, Швеция, Нидерланд және Финляндия елдері тұр.
Жаңартылған баспасөз бостандығы рейтингінде Қазақстан Эфиопия мен Ливия арасында орналасқан – Руанда, Сомали және Гондурас сияқты мемлекеттерден сәл жоғары. Баспасөз бостандығы жағынан республика Африканың бірқатар елдерінен, соның ішінде Оңтүстік Судан, Камерун және Угандадан да төмен.
Баспасөз бостандығы және Еуропалық Одақ
Бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын, тәуелсіздігін және плюрализмін сақтау төзімді әрі берік демократиялық жүйе құру үшін өте маңызды болғанымен, қазір әлемнің көптеген бөліктерінде баспасөз бостандығына қауіп төніп тұр. Жұртшылықты сапалы тәуелсіз ақпаратпен қамтамасыз ететін, адам құқықтарының өрескел бұзылуы мен қатыгездіктер туралы шындықты ашатын және билік басындағыларды жауапқа тартатын журналистер, БАҚ мамандары және т.б. жала жабуға, қоқан-лоққыларға және шабуылдарға, соның ішінде жалған ақпарат тарату арқылы беделін түсіру әрекеттеріне жиі ұшырауда.
Баспасөз бостандығын қорғау және ілгерілету – шекарасы жоқ әмбебап миссия. ЕО халықаралық форумдарда да, жергілікті деңгейде де үкіметтермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және азаматтық қоғаммен қарым-қатынас орнатуды жалғастырып, әлем бойынша баспасөз бостандығын нығайту ісіне берік болып қалады.
Фото: zn.ua
Қазақстанның Дүниежүзілік баспасөз бостандығы рейтингіндегі позициясы жақсартылмақ
Қазақстанның Дүниежүзілік баспасөз бостандығы рейтингіндегі позициясын жақсарту жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» Заң жобасына қосымша консультативтік құжатында жазылған.
Айта кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі интернеттегі жарнама мен онлайн платформалардың қызметін реттейтін жаңа заң қабылданды. Өйткені, ескі заңнама талаптары құқық аясында жұмыс істейтін кәсіби журналистер мен реттелмейтін онлайн платформалар арасындағы бәсекелестікте тең мүмкіндік бермейді. Аталған заңның міндеті – әлеуметтік желіде болып жататын буллинг, азаматтарды қорлау тәрізді келеңсіз фактілерден, қаржы пирамидаларынан Қазақстанның азаматтарын қорғай отырып, елімізде саяси сепаратизм мен экстремизмнің алдын алу.
Фото: Ақорда
Заң жобасы онлайн платформаларды реттеудің мынандай халықаралық стандарттарына сәйкес келеді:
онлайн платформаларда мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту; әлеуметтік желіні қолданушы және инфлюенсер (блогер) анықтамаларын беру; негізгі заң жобасының терминологиясына, заңда қолданылатын түсініктерді толықтыру; Онлайн платформалардың жұмысын реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, заң жобасына енгізу жөнінде;- отандық әлеуметтік желіні қолданушылардың құқын арттыру үшін әлемдік техногиганттар мен қазақстандық қолданушылардың арасындағы коммуникацияны реттеу; онлайн платформаның иесі немесе оның заңды өкілі балаға қарсы кибербуллинг ақпаратты және мемлекетке қарсы контентті тартқан аккаунттарды тоқтатуға міндетті; Онлайн платформаларда жарнаманы жылжыту; Онлайн платформаларда модерация жүргізу; жалған ақпаратты таратқаны және орналастырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартуға қатысты мәселелер бойынша өзгерістер енгізді.Сондықтан, қабылданған заң аталған мәселелерді шешуде басты құрал ретінде қолданылады. Сондай-ақ, оның шеңберінде еліміздегі БАҚ-тың әлемдік рейтингідегі позициясын жақсарту жоспарланып отыр.
«Шекарасыз репортерлер» халықаралық үкіметтік емес ұйымы қалыптастыратын Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексінде Қазақстан Республикасын бір позицияға ілгерілету көзделген.