$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында полицейді өз үйінің ауласында өлтіріп кеткен

Сотқа дейінгі тергеу барысы ІІМ бақылауында.

Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz

Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімінің қызметкері өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қостанай облысының полиция департаменті марқұмның криминалист болып жұмыс істегенін, қазіргі уақытта жыл сайынғы еңбек демалысында болғанын нақтылады.

"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ПД.

Орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу барысы ІІМ бақылауында.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары