$ 486.65  524.46  5.05

«Маған бәрібір»: БАӘ-дегі дипломаттың әйелі зорлық-зомбылыққа қатысты тың дерек айтты

Дипломаттарға әйелі мен балаларын орналастыру үшін «жәрдемақы» төленеді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың жұбайы отбасылық өміріне қатысты тың деректі бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Астанадағы дағдарыс орталығына орналастырылған Карина Мамаш қазір өзін қауіпсіздікте сезінетінін айтты.

Балаларым, анам, әпкем жанымда. Мен көп жыл бойы қорқынышта өмір сүрдім. Ешқайда жүгінген жоқпын. Оған қоса оның кейбір туыстары жиені жайлы білген, себебі мұрнымды тігтіруге ауруханаға апарған. Әрине, олар менің артық сөз айтпауымды қадағалап отырған. Мен кетемін деп айтқан жоқпын. Мен барлық айыптау дәлелдерін интернетке салатынымды айтқанмын және «мені ұруды доғармасаң, түрмеге қамаласың» деген едім. Ол күліп, «маған бәрібір» деп айтты», - деді Карина Мамаш.

Сондай-ақ дипломаттың әйелі отбасындағы зорлық-зомбылық туралы тек жақын достары білгенін айтты. Ол тұрмыс құрған алғашқы күннен бастап зорлық-зомбылық көргенін, күйеуі көбіне алкогольден мас күйде агрессия танытып, қол көтеретінін де түсіндірді.

«Қорғау Астана» қорының басшысы Анна Рыль бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

Бұл көп қозғала бермейтін өте күрделі мәселе. Әйелдің шетелде тұруы құдды бір бай өмірге теңеледі.

Әйелдер дипломаттарға өте тәуелді, өйткені дипломаттарға шетелге жұмыс сапарымен барғаны үшін әйелі мен балаларын орналастыру мақсатында «жәрдемақы» төленеді. Дегенмен аталған қаражат әйелінің емес, күйеуінің банктік картасына түседі. Яғни шетелдегі әйелдің жеке қаражаты жоқ. Сондықтан олар жиі экономикалық тұрғыдан жұбайларына тәуелді, - деді Анна Рыль.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары