$ 479.38  531.63  5.27

Хоккей: Қазақстан құрамасы Словакиядан жеңіліп қалды

Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 14 мамырда Латвияға қарсы өткізсе, словакиялық хоккейшілер 13 мамырда АҚШ-пен ойнайды.

Фото: icehockey.kz
Фото: icehockey.kz

Бүгін, 12 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы екінші кездесуін Словакияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғалым Мәмбеталиев айдынға мына құрамды шығарды: Шутов (Бояркин) — Метальников-Бреус, Старченко-Шестаков-Рымарев; Орехов-Данияр См., Михайлис-Өмірбеков-Савицкий; Диқанбек-Бекетаев, Панюков-Мұхаметов-Мұратов; Королёв-Гайтамиров, Бойко-Рахманов-Әсетов.

Алғашқы кезең толықтпй словактардың пайдасына шешілді - 3:0, ал екінші кезеңнің басында Әлихан Әсетов есепті қысқартып еді, алайда қарсылас тағы бір шайба соқты. Осыдан соң командалар арасында текетірес болып, құрамалар үзіліске кетті.

Қорытынды кезеңде Словакия тағы екі гол соқты. Көп ұзамай Әлихан Өмірбеков құраманың екінші голын салды — 6:2.

Осылайша, алғашқы ойында Францияны ұтқан Қазақстан бұл жолы жеңіліп қалды.

Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 14 мамырда Латвияға қарсы өткізсе, словакиялық хоккейшілер 13 мамырда АҚШ-пен ойнайды.

10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатқан дүбірлі додада қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары