$ 494.87  520.65  4.91

«Қиын болды»: Қуат Хамитов жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

Ол жеңілісін осылайша жуып-шайғысы келетін секілді. 

Фото: instagram.com/kuat__khamitov
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Ресейлік файтер Александр Шлеменкодан жеңіліп қалған қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

11 мамырда Қуат Хамитов пен Александр Шлеменко Екатеринбургте (Ресей) өткен RCC 19 турнирінде кездескен еді. Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде (83,9 кг) өтті және үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде Шлеменко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (30-26, 30-26, 30-27).

«Мен үшін алаңдаған және маған жанкүйер болған барлық адамға рақмет айтамын! Мен бабымда болдым, бәрі жоспар бойынша өтіп жатты. Бірақ 84 кг салмақта төбелесу мен ойлағаннан да қиын болғанын мойындаймын. Осы салмақта өзімді тексеру үшін бір жекпе-жек өткізіп көруім керек пе еді... Десе де бәріңізге қолдауларыңыз үшін рақмет!», - деп жазды Хамитов Instagram-дағы парақшасында.

Бұдан бөлек, ол келесі қарсыласын іздейтінін мәлімдеді.

«Мен октагонға барынша тезірек оралып, жеңілісімді жапқым келеді. Егер 70-74 кг cалмаққа өтіп, жекпе-жекке шыққысы келетін 60 кг салмақтағы файтерлер бар болса, қуана келісемін», - деп жазды Хамитов Instagram Stories-ке.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 7
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары