Астанада бір апта ішінде 6,5 мыңнан аса ЖҚЕ бұзу тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қала әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, өткен аптада жол-потрульдік полициясының жол қоғалысын бақылау барысында 6,5 мыңнан аса жол қозғалысы ережесі бұзылғаны анықталған. Бұл туралы әкімшілік полиция басқармасы хабарлап отыр. Атап айтқанда, жылдамдық режиміне байланысты - 774; қауіпсіздік белдігінсіз көлік жүргізген үшін - 511; апаттық жағдайды туғызғаны үшін - 134; автокөліті мас күйінде жүргізгені үшін - 53, сондай -ақ, жаяу жүргішілерді өткізбегені үшін - 540 ереже бұзушылық анықталған.