13 сәуір күні Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны із-түссіз жоғалған еді.
Петропавлда бір ай бұрын жоғалған қала тұрғынының денесі тасқын су басқан ықшам ауданнан табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KazInform-ға сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуір күні Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны із-түссіз жоғалған еді.
12 мамыр күні сүңгуірлер ер адамның денесін алып шықты. Мүрдеде зорлық белгілері болмаған, ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Естеріңізге салайық, Петропавлда 12 сәуірден бастап Есіл өзенінің суы көтеріліп, тек 22 сәуірден кейін ғана түсе бастады.
Жалпы СҚО бойынша 3 мыңнан астам үй су астында қалды. Петропавлда саяжайдағы үйлері суға кеткендерге де біржолғы төлем берілетін болды.
Қазіргі уақытта арнайы құрылған мехбригадалар тасқынның салдарымен күресіп жатыр.