14.05.2024, 12:20

Павлодарда қоныс аударушыларға бөлінген 600 млн теңге ұрланған

Фото: Azattyq Rýhy / Нұрсұлтан Жорабаев

Облыста халық көшіп кеткендіктен 59 елді мекен жойылған.

Павлодар облысында азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыруға бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілері анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған.

Оның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген. Өйткені  жоба аясында үй сатып алу үшін бағасының 50%-ы өтеледі, бірақ берілетін қаржы 4,2 миллион теңгеден аспауы керек.

Ал іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған.

Нәтижесінде қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалған.

Облыста халық көшіп кеткендіктен 59 елді мекен жойылған.

Тек 6 ауданда ғана 600 млн. теңгеге шығын анықталды.

Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізуде.

Тексеру жалғасуда, - делінген Павлодар облысының прокуратурасы жариялаған хабарламада.