$ 494.87  520.65  4.91

Найзағай ойнап, үсік жүреді: Қазгидромет бірнеше өңірде ескерту жариялады

Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Фото: kartin.papik.pro
Фото: kartin.papik.pro

"Қазгидромет" РМК бүгін, 15 мамырда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында күн күркірейді. Облыстың оңтүстігінде әлі де жоғары өрт қаупі болжанған.

Атырау облысында, ал күндіз Атырауда найзағай ойнайды.

Жетісу өңірінде екпінді жел соғады, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысында бұрқасын болып, найзағай ойнайды. Облыстың шөлейт аймақтарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте қатты жел соғады.

Түркістанда найзағай ойнап, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыста 3 градус болып, үсік жүруі мүмкін.

Петропавлда түнде 2 градус суық күтіледі.

Ұлытау өңірінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. 15 мамырда түнде Жезқазғанда да найзағай күтіледі.

Қарағанды облысында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды қаласында ертең күндіз найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді деп болжанған. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұрқасын күтіледі. Бұл ретте Ақмола облысының солтүстігінде де 2 градус аяз болуы мүмкін.

Павлодар облысында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінді жел тұруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары