$ 474.72  515.17  5.58

Шымкентте әкім мен басқарма басшылары жазаланды

Мемлекет кірісіне 36 920 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкентте Қаратау ауданы әкімінің орынбасары мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары жазаланды. Олар жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыс жайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаратау ауданы прокуратурасы жүргізген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде жолдарды күтіп ұстау жөніндегі заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталған.

Қалалық прокуратура хабарлауынша, 2023 жылы жергілікті атқарушы органмен жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен 549 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 84 миллион 574 мың теңгесі ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы. Алайда жолдар мен көшелерді тазалау жұмыстары, оның ішінде ішкі аумақтар мен тротуарлар, сондай-ақ шұңқырлау жұмыстары жүргізілмеген.

Қаратау ауданы әкімінің орынбасары мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасарына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 631-бабына сәйкес 2 хаттама толтырылды. Мемлекет кірісіне 36 920 теңге көлемінде айыппұл өндірілді, - деді қалалық прокуратура.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары