$ 494.87  520.65  4.91

Адам өлтіру күдігімен Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген.

Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Бүгін тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас прокуратураның хабарлауынша, 2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген.

«Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды, ал екіншісі тергеуден қашып үлгерді, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылғы тамызда екінші күдікті Түркияда ұсталды», - делінген хабарламада.

Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамалды.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары