$ 495.2  522.34  4.94

«10 млн теңге пара алған»: СҚО-да аудан әкімінің орынбасары ұсталды

Тергеу жалғасып жатыр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өңір аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, лауазымды тұлғалар кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Шенеуніктер қомақты соманы аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін алуы мүмкін.

«Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары