$ 479.38  531.63  5.27

«32 жасқа толар еді...»: Нүкенованың ағасы қарындасына арнап жазба жариялады (ВИДЕО)

Қазіргі таңда Салтанат Нүкенова атындағы қор жұмыс істеп жатыр.

Фото: aitym инстаграм парақшасынан
Фото: aitym инстаграм парақшасынан

Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Салтанат Нүкенова 1992 жылы 15 мамырда Павлодарда дүниеге келген. Салтанат Нүкенованың есімі 2023 жылдың 9 қарашасында бүкіл әлемге танымал болды. Ол 31 жасында өзінің азаматтық некедегі жары Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты. 9 қарашада ұсталған Қуандық Бишімбаевтың кінәсі дәлелденіп, жарты жылға созылған істің нүктесі қойылды. Ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 24 жылға темір торға қамалды. Ал оның қылмысын жасыруға көмектескен Бақытжан Байжанов 4 жыл арқалады.

Қазіргі таңда Салтанат Нүкенова атындағы қор жұмыс істеп жатыр. Қордың негізін қалаушы - Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді. Ол тұрмыста зорлыққа ұшыраған әйелдерге тиісті көмек көрсететінін атап өтті.

Айтбек Амангелді қарындасының туған күніне орай желідегі парақшасына видео жариялап, "Туған күніңмен, Салтик" деп жазба қалдырды. Ал оқырмандары болса Салтанаттың қазасына ортақтасып, тірі болғанда 32 жасқа толатынын айтып өкініштерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары