$ 479.38  531.63  5.27

Майк Тайсон 58 жасында блогермен бокстасады (ВИДЕО)

Қазір Майк Тайсон – 57 жаста.

Фото: isport.ua
Фото: isport.ua

Майк Тайсон мен белгілі блогер-боксшы Джейк Пол қолғап түйістіреді. Бокс кеші 20 шілдеде АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы «Эй-ти-энд-ти Стэдиум» стадионында өтпек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

14 мамырда боксшылар баспасөз мәслихатын өткізіп, салмақ өлшеу рәсімін жасады. Тайсон мен Полдың жекпе-жегі 10 минуттан 2 раунд болады.

Қазір Майк Тайсон – 57 жаста. 30 маусымда ол 58-ге келеді. Ал Джейк Полдың жасы – 27-де. Дәл қазір екеуі жекпе-жекке дайындалып жатыр.

«Тайсонмен жекпе-жек өте қиын болатынын білемін. Менде бір қорқыныш бар. Бірақ мені де жақсы түсініңіздер. Нокаутқа түсемін деп қорқып отырған жоқпын. Мен батыл адам екенімді көрсеткім келеді. Онымен жұдырықтасудың өзі батылдық деп ойлаймын. Дегенмен мені үрей мен қорқыныш тоқтатпайды. Майк менімен бокстасуға келісім бергені үшін қатты қателесетін болады. Мен Майкқа кімнің мықты екенін мына жұдырықпен көрсетемін», - деді Джейк Пол.

Еске салсақ, 2023 жылы қазан айында Тайсонның өкілдері «Енді Майк ешқашан шаршы алаңға шықпайды», деп мәлімдеді. Бірақ Тайсон шамасын тағы бір сынап көргісі келіп, Джейк Полмен бокстасуға келісімін берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары