$ 494.87  520.65  4.91

«Намаз оқитын жігіт»: Адвокат Байжановтың жазықсыз екенін айтып, шағым беретіндерін жеткізді

Байжановтың қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев бұл үкіммен келіспейтіндерін айтты.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Бұл істе күдікті деп танылған Бақытжан Байжановқа ҚК-нің 432-бабы – аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу бабы бойынша 4 жыл жаза тағайындалды. Үкім оқылған соң Қ.Бишімбаев ештеңе деген жоқ, ал Байжанов бұл шешіммен келіспейтінін айтып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы NEGE.kz-ке cілтеме жасап.

Б.Байжановтың қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев бұл үкіммен келіспейтіндерін айтты.

Оның айтуынша, Байжановтың әрекетінде ешқандай да қылмыстың құрамы жоқ. Бұл туралы дәлелді егжей-тегжейлі сотқа да ұсындық.

"Қазір ғана изоляторға барып, Бақытжан Байжановпен кездесіп келе жатырмын. Бізде апелляциялық шағым түсіруге 15 тәулік уақыт бар. Келесі аптаның аяғына дейін міндетті түрде шағым береміз. Одан кейін Астана қалалық соты қарайды. Содан кейін ғана үкім күшіне енеді", - дейді ол.

Сонымен қатар ол Байжановтың сот үкімін ауыр қабылдағанын айтты.

"Өзіңіз ойлаңызшы, жазықсыз, ештеңені білмеген адамды 4 жылға соттап жіберді. Бұл оқиға болып жатқан 8 қарашадан 9-ына қараған күні Байжанов бала-шағасымен үйінде жатқан адам. Өзі ішпейді, намаз оқитын жігіт. Ол сол кезде «Таңертең жұмысқа барамын, кешке қарай қолыма кісен салып, 4 жылға соттап жібереді» деген ой басына кіріп те шыққан жоқ. Сот процесі басталмай тұрып-ақ бәрін Бақытжаннан бүге-шігесіне дейін сұрадым. «Таңертеңнен кешке дейін хронологиясын жазып шық» дедім. Өз басым Байжановқа 100 пайыз сенемін",  - деді адвокат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 54
Ұнамайды 17
Күлкілі 8
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары