Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірнеше рет оның кеудесіне және ішіне оқ атылған.
Словакияда үкімет отырысы өткен жерде елдің премьер-министрі Фицо жараланды – саясаткерге жұртшылық алдына шыққан кезде оқ атылды. Шабуыл жасаған адамды полиция ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жергілікті Pravda басылымының жазуынша, қастандық Хандловадағы үкімет отырысынан кейін премьер-министр адамдар арасында келе жатқан кезде жасалған.
Куәгерлердің айтуынша, Фицо жұртшылыққа жақындаған кезде бірнеше рет оқ атылған дыбыс естіліп, премьер-министр құлаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірнеше рет оның кеудесіне және ішіне оқ атылған.
РИА Новости сайтының жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, премьер-министр тікұшақпен Братиславадағы ауруханаға жеткізілген.