11.08.2014, 07:20

«Гүлнәр турдан» жапа шеккен туристер қайтадан ұша бастады

Сурет: comefor.info

Мыңнан астам турист «Гүлнәр тур» компаниясында Түркияға алған әуе билеттерін қайта тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, ҚР мемелекеттік органдары мен «Atlasjet Airlines» әуе компаниясының арасында «Гүлнәр тур» туристік компаниясының жолаушыларын тасымалдау жайлы келісім орнатылды», делінген Туризм индустриясы комитеті хабарламасында.

«Atlasjet Airlines» әуе компаниясының мәлімдеуінше, 7 тамыздан бастап Астанадан 150 жолаушы, Алматыдан 270 жолаушы өз билеттерін қайта тіркеп, демалыстарына ұшып кетті. Барлығы, «Atlasjet Airlines» авикомпаниясының билеттерімен «Гүлнәр тур» туристік компаниясының 1100 клиенті ұшты.

Қазіргі таңда 750 жолаушының билеттері қайта тіркелуде.

Билеттерді қайта рәсімдеу үшін әуе компаниясы өкілдігіне бару керек. Сондай-ақ, жолаушылар өзімен бірге құжат жүзінде куәландырылған әуе қатынасы төлемін, электронды билеттерін және қонақүй төлемінің құжат жүзінде расталған нұсқасын алып келуі тиіс.Қонақ үйге алдын ала төлем болмаған жағдайда ұшу жүзеге асырылмайды.