«Сен алты балаңды баға алмайсың» деп тәртіп сақшылары дәрменсіздік танытқан.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған Гүлмира өз оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол “Хабар” арнасындағы “Бірақ” бағдарламасының алғашқы шығарылымында кейіпкер ретінде қатысты. Сол шығарылым үлкен резонанс тудырып, бағдарлама артынша жабылған еді.
Күйеуіммен тұрған 20 жыл бойы азап көріп келемін. Бірақ төркініме де, ешкімге оны айтқан емеспін. Алты бала-шағам бар. Адам боп кетер деп жүрдім, бірақ адам бола алмайды екен. Соған менің көзім жетті. Бала-шағаммен мазаратқа қашып барып, сонда түнеген кездер болды. Көрген азаптарымды есіме түсіргім келмейді. Таяқ та жедім. Қолым, омыртқам сынды. Маған «өл» деп қарғап кететін күндері де болды. Сонда да жүрдім. Ішіп келіп ұратын. «Менің анада қатыным бар, мынада қатыным бар, үйді босат» дейтін. Сонда да «бала-шағамды жетім қылмайын» деп жүрдім. Жұмыста жүрдім. Жұмыс істеп келетін. Өзі де жүргеннен кейін мені де жүретін қылатын». Сені жезөкше қыламын дейтін, - деді ол.
Гүлмира полицияға арыз жазғысы келгенде ол жақтан келіп «сен алты балаңды баға алмайсың» деп тәртіп сақшылары дәрменсіздік танытқанын есіне алады.
Күйеуім маған «бұл жердегі полицейлердің ешқайсысына арыз жаза алмайсың, оның бәрін мен өзім тағайындап алғанмын» деді. Ешкімге сөзім өтпейтінін білдім, - дейді Гүлмира.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атышулы «Бірақ...» ток-шоуының қатысушысы даудан соң алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
«Бірақ...» бағдарламасының журналистері жазалана ма - Сенат төрағасы жауап берді