$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жиенін терезеден лақтырып жіберген ер адам жауапкершіліктен босатылды

Жәбірленушілер мен қорғаушы тарап прокурордың ұстанымымен келісті.

Фото: facebook.com/sudshymkent
Фото: facebook.com/sudshymkent

Сот сараптамаларының қорытындысы бойынша сот ер адамды психикалық дертке шалдыққан деп танып, оны мәжбүрлі түрде емдеуге жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жиенін терезеден лақтырып жіберген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Ер адамның ақыл-есі кем күйінде қылмыс жасағаны белгілі болды. Ол әпкесінің пәтерінде баланың жылағанына шыдай алмай, жиенін 3-қабаттағы ас үйдің терезесінен лақтырып жіберген. 

Судьяның қорытындылары куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, бірнеше сот сараптамаларының қорытындысымен расталады. Прокурор Мырзахановты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген іс-әрекетті ақыл-есі кем күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатуды және оған мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараларды тағайындауды және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Жәбірленушілер мен қорғаушы тарап прокурордың ұстанымымен келісті, – деді Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

Айыпталушының ұзақ уақыт бойы шизофрениямен ауыратыны белгілі болды. 

Мирзахановқа шизофрения диагнозы қойылған. Ол ұзақ уақыт бойы есепте. Бұл жерде адамның өз-өзін ұстай алмауы, яғни психикалық ауру екендігі де маңызды рөл атқарады. Баланың жылауы осындай қылмыс жасауына итермеледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бізде тек есі дұрыс адамдар ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Есі дұрыс емес, яғни психикалық ауытқуы бар адамдар жауапкершіліктен босатылады. Бірақ олар ұдайы бақылаудағы психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп емделуге жіберіледі, – деді сот.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары