$ 494.87  520.65  4.91

«Ауғанстан болғанын күтіп жүрсіздер ме?»: Белгілі заңгер депутатқа үн қатты

Өзінен 3 размерге үлген көйлегінің ішінде қарулары бар шығар... 

Фото: Айгүл Орынбек фейсбук парақшасынан
Фото: Айгүл Орынбек фейсбук парақшасынан

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек ниқаб киіп, тұмшаланып жүретіндерге арнап заң шығаруды сұрады. Бұл туралы ол фейсбук парақшасында жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айгүл Орынбек Шымкенте қаласында басынан аяғына дейін тұмшаланған адамды көзі шалғанын айтып, депутатты тегтеді.

«Ермұрат аға, бұларға қарсы заңды қашан шығарасыздар? Әлде Ауғанстан болғанын күтіп жүрсіздер ме? Мынау суретті бүгін Шымкентте түсірдім», деп жазды ол.

Ал оқырмандары болса, заңгерге қолдау білдіріп мұндай адамдардың қоғам үшін қауіпті екенін жарыса жазды.

«Ішінде кім тұрғаны да белгісіз, мүмкін қашып жүрген қылмыскер тұрған шығар, мүмкін осы өзінен 3 размерге үлген көйлегінің ішінде қарулары бар шығар... тіпті дінді қоя бергенде де қоғам қауіпсіздігі мәселесі қаралуы қажет», «Ниқаб түгіл хиджабқа шектеу қою керек. Өзбектер озды», «Ауғанстан болып болдық қой, боламызы несі», деп пікір қалдырғандардың қарасы көп. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары