$ 494.87  520.65  4.91

«Өмір сүргім келмейді»: Астанада бойжеткен көпірден секірмек болған

Оған Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбаздары тосқауыл болды.

Фото: astana_typical
Фото: astana_typical

Астанада бойжеткен көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оған Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбаздары тосқауыл болды.

Радио арқылы «Сарайшық көшесіндегі көпірден жас қыз секірмек болып жатыр» деген ақпаратты ести сала әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Нұржан Темірбаев, патрульдік полиция ефрейторы Жүсіп Мұрат пен қатардағы жауынгер Шыңғыс Жуанышевпен бірге көрсетілген мекенжай бойынша дереу жеткен.

«Көпірден секірмек болған қызды көргенде бірден оған қарай бет алдық. Бұл кезде ол темір тордың артында тұрып: «Мен өмір сүргім келмейді, өлгім келеді!» деп айқайлады, - деді болған жайтты түсіндірген Нұржан Темірбаев.

Әскери қызметшілер қызбен тілдесіп, оны ойсыз әрекеттен бас тартуға үгіттейді. Жан-жақтан өтіп бара жатқан адамдар да оны бұл әрекетінен тайдыруға тырысты. Сәл күткен тәртіп сақшылары мен келген полицейлер қызды қоршаудан шығару үшін бірлесіп жұмыс істеді.

Оны тыныштандырған полицейлер қызды одан әрі іс жүргізу үшін Алматы республикалық унитарлық кәсіпорнына жеткізді. Тәртіп сақшыларының келісілген әрекетінің арқасында тағы да бір адамның өмірі аман қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары