$ 494.87  520.65  4.91

Гүлмира Сатыбалдының соты да алқабилердің қатысуымен ашық өте ме?

Ол сот процесін жабық режимде өткізіп, іске журналистерді қатыстырмауды, процесс біткенге дейін Сатыбалдының бейнежазбасын, фотосын таратуға тыйым салуды сұрады.

Фото: КТК телеарнасынан алынған
Фото: КТК телеарнасынан алынған

Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша сот ашық түрде өтеді. Басты сот отырысы 30 мамыр, сағат 10:00-де басталады. Ол Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткізілмек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Г.Сатыбалдының қорғаушылары істің толыққанды зерттелмегенін, оның айыбы дәлелденбегенін айтып, істі тоқтатуды сұрады. Процестегі екінші күдікті Мәди Батыршаевтың адвокаттары да осындай өтініш түсірді. Бұған қоса, Батыршаевтың анасын қоғамдық қорғаушы ретінде тіркеуді сұрады.

Прокурор және жәбірленуші тарап Батыршаевтың анасын қоғамдық қорғаушы ретінде тіркеуге қарсылық білдірген жоқ. Ал өзге өтініштерді қабылдамауды, сотты ашық әрі оффлайн режимде, журналистердің қатысуымен өткізуді сұрады.

Бүгін, 16 мамырда осы өтініштерге байланыс шешімдерді жариялап, негізгі сот процесін өту талқыланатынын айтты. Адвокат сотты жабық жағдайда өткізуді сұрады. 

«Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келген жағдайда ғана жол беріледі. Сондықтан кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша, жыныстық қатынасқа қатысты істер бойынша жабық сот талқылауы соттың дәлелді шешімімен ғана өткізіледі. Іске қатысушы адамдардың өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтерді жария етуге жол бермеу мақсатында, сонымен қатар бұл жәбірленушінің, куәгердің, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының қауіпсіздігі мүдделері талап еткен жағдайларда ғана жабық отырысы болады. Қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша осы бапта көрсетілген мән-жайлар жоқ. Сондықтан сот отырысын жабық және онлайн режимінде өткізу туралы өтінішті қанағаттандырусыз қалдыру қажет», – деді судья Мартпек Кәкімжанов.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі сотында Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша алдын ала тыңдауы өтті. Отырыс кезінде Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары