$ 494.87  520.65  4.91

Депутат мектеп бағдарламасына тағы бір пән енгізуді ұсынды

Халықтың жартысына жуығы қаржы туралы ақпаратты әлеуметтік желіден алады, ал 13 пайызы бұл тақырыпқа мүлде қызықпайды.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Сенат депутаты Евгений Больгерт премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында мектеп бағдарламасына «Қаржылық сауаттылық» пәнін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, елімізде интернет алаяқтығы – қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі және жалпы қылмыс деңгейінің 15%-ын құрайды. Соңғы жеті жылда Қазақстанда интернет алаяқтығы фактілері он есеге өсті. Былтыр азаматтарға осы қылмыстан келген шығын мөлшері 21 миллиард теңгеден асқан.

«Алаяқтар азаматтардың қаржылық сауаттылығының төмендігін пайдаланып жатыр. Біз қазір себебімен емес, салдарымен күресіп келеміз. Халықтың жартысына жуығы қаржы туралы ақпаратты әлеуметтік желіден алады, ал 13 пайызы бұл тақырыпқа мүлде қызықпайды. Ал дамыған елдерде қаржылық сауаттылық пәні мектеп бағдарламасына еніп қойған», - дейді Больгерт.

Сенатор қаржылық сауаттылыққа азаматтарды мектеп жасынан бастап оқыту қажет деп есептейді.

«Жаңа қауіп-қатерді ескере отырып, халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді бағдарламалық құжат әзірлеу, оның ішінде шетелдік практикаға сүйеніп, мектеп бағдарламасына «қаржылық сауаттылық» пәнін әзірлеп, енгізу керек», - деді Больгерт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары