Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Синоптиктер 17 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлытау облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының шығысында тұман, облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. 17 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.